Атырауда қараусыз қалған үй өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында иесі қараусыз қалдырып кеткен үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 11 шілдеде сағат 20:52-де болған.

«Атырау қаласының Ш.Еркінов көшесінде орналасқан жеке үй өртенді. Оның жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Үйді иесі қараусыз қалдырып кеткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге арнаулы қызметтің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 22:00-де толықтай сөндірілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда газ құю стансасында көлік жарылған еді.

Соңғы жаңалықтар