Атырауда қараусыз қалған 1 жасар сәби құдыққа түсіп кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қалған 1 жасар сәби тұрғын үйдің маңындағы құдыққа құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше 11 тамызда сағат 23:15-те болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласының маңындағы Ақсай-2 елді мекенінде 1 жасар сәбидің құдыққа құлағаны туралы хабар түсті. Аталған елді мекендегі №23-көшеде орналасқан жеке үйдің аумағында балақай ата-анасының қарауынсыз жүргені анықталды. Жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір оның жағдайы ауыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Осыған орай департамент мамандары балаларды үлкендердің қараусыз қалдырмауды ескертіп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі жасар сәби 5-ші қабаттан құлап кеткен еді.



Соңғы жаңалықтар