+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Атырау қаласында қарасора плантациясы табылды

2020 жылғы 19 тамыз 13:51
Бөлісіңіз:
Атырау қаласында қарасора плантациясы табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының орталығы Атырау қаласына іргелес орналасқан Еркінқала ауылының тұрғыны үйінің ауласына 1898 түп есірткі шөбін заңсыз өсірген. Оған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: Есірткі сататын топ ұсталды

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда өңір аумағында «Қарасора» алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осы шара барысында Атырау қаласының маңында орналасқан Еркінқала ауылында тұрғынның үйінің ауласынан 1898 түп есірткі шөбі саналатын қарасораны заңсыз өсіргені анықталған.

«Тексеру жүргізген полицейлер бұған қоса кептірілген қарасораны да оның ауласынан тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, кепкен қарасораның салмағы 1 килограмм 25 грамды құраған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-і бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-і бабымен (Есірткі және психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны ауласына қарасора өсіргені анықталған болатын.

«Атырау қаласының маңындағы Химиктер поселкесінің тұрғыны үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктің төрт түбін өсірген. Полиция қызметкерлері ауланы тексеру кезінде заңсыз өсірілген есірткі шөбін тапты. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп хабарлаған болатын сол кезде Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тоқтала кететін жайт, биылғы жылдың 1 маусым мен 31 қазан айлары аралығында Атырау облысы аумағында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтап, жабайы қарасораның заңсыз саудасына тосқауыл қою.

Ал осыдан бір ай бұрын, нақтырақ айтқанда 27 шілде күні Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматы қаласында зертхана жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған Қазақстанның екі азаматын ұстады. Бұл ҚР ҰҚК ел тарихындағы ең ірі есірткі зертханасын ұйымдастырғандар болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT