Атырауда караоке-бар күзетшісі тексеріп келген мониторинг тобының мүшесін ұрған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда караоке-бар күзетшісі мониторингтік топ мүшесін ұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Карантин шектеу шаралары күшейтілгенмен, көңіл көтеру іс-шараларын өткізу әлі де тоқтар емес.

Бірнеше рет айыппұл төлеген караоке-бардың күзетшісі мониторинг тобының мүшесіне қол көтерген.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабымен (Бұзақылық) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда карантин талаптарын бұзғандарға 57 млн теңге айыппұл салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар