Атырауда карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақталғанға дейін келесі крантиндік шектеу іс- шаралары сақталсын. Көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын- сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру саласындағы іс-шараларын, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс- шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын», - делінген Атырау қаласының бас санитар дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында.

Сондай-ақ, барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметі тоқтатылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар