Атырауда карантинде 18 адам жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында карантинде 18 адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Атырауда карантинде 18 адам жатыр. Оның 13-і облыстық туберкулезге қарсы диспансерде оқшауланса, Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында 1 адам бар. Олар – 1А санатына енгізілген мемлекеттерден келгендер. Ал, №2 облыстық ауруханасында 2 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың барлығы 14 күн бойы карантинде болады. Оқшауланған адамдардың дене қызуы күніне 2 рет тексеріліп, медициналық қадағалау жүргізілуде», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы.

Бұған дейін Литвадан ұшып келген азамат карантиннен қашып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар