+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

​Атырауда карантин мерзімі 15 сәуірге дейін созылады

2020 жылғы 30 наурыз 15:23
Бөлісіңіз:
​Атырауда карантин мерзімі 15 сәуірге дейін созылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында карантин, ал, облыс аумағында шектеу шаралары енгізілді. Оның мерзімі 15 сәуірге дейін созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мейіржан Есімбаевтың қаулысына сәйкес Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынды. Бұдан өзге де бірнеше шектеу бар.

Қаулы бойынша, 30 наурыз сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 15 сәуір 07.00-ге дейін Атырау қаласында карантин және Атырау облысы аумағында мынадай шектеу шаралары енгізілді:

- Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынады (тұрақты тұру орындарына кіруге және шығуға 02.04.2020 жылы сағат 00-00 дейін рұқсат беріледі);

- аудан тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады;

- облыстар және аудандар арасында ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

- барлық автовокзалдардың, автостанциялардың жұмысы тоқтатылсын;

- 2020 жылғы 1 сәуірден бастап теміржолдағы аймақаралық жолаушылар қатынасы тоқтатылсын;

- үкіметтік рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының барлық рейстерін тоқтатсын;

- тұрғылықты жерінен мына себептермен ғана шығуға болады: азық-түлік, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу; жұмысқа бару; медициналық көмекке жүгіну.

- 65 жастан асқан қала тұрғындарына ерекше қажетсіз үйлер мен пәтерлерден далаға шықпасын;

- тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде маска киіп жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерінің болуын қамтысын;

- балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;

- азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханалар мен қажетті тауарлар сатуды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлардың қызметін тоқтатсын;

- азық-түлікке жатпайтын сауда орталықтарының, жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік сататын салондардың, авто бөлшектерді сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазалау, кір жуатын орындардың, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, көлік жуу орындарының,техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, фитнес клубтар, тренажерлер, спорт кешендері, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, зоопарк , мұз айдыны, көрмелер және осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметін тоқтатсын;

13) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек 10.00-ден 20-00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

14) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын» -делінген қаулыда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT