Атырауда қарақшылық шабуылға қатысты 4 адам ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полицейлері қарақшылық шабуылды ізін суытпай ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 ақпанда таңғы сағат 04.15 шамасында полицияға әйел адам хабарласып, пәтеріне белгісіз 4 адам кіріп келіп, пышақпен қорқытып, бүкіл ақшасы мен телефонын алып кеткенін айтып шағымданған.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші әйел күдіктілер оқиға орынынан қашып кеткен көліктің маркасы есінде қалғанын айтты», - делінген хабарламада.

Атырау қалалық полиция басқармасының бүкіл жеке құрамына бағдар беріледі.
«Жедел басқару орталығы мен криминалды полиция басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арасында қарақшылар ұзамай құрықталды», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Айта кетелік, 4 күдікті қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар