Атырауда Қарабатан елді мекенінен 27 отбасы қалаға қоныс аударды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Қарабатан елді мекенінен 27 отбасы қалаға қоныс аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарабатан елді мекеніндегі 27 отбасының 210 мүшесі бар. Олардың денi – теміржолшылар. Алайда, олар ұзақ жыл тұрмыс қиындығын көріп келген. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ескі үйлерде «көгілдір отын», жолдар мен көше жарығы болмаған.

«Жыл сайын өңір, қала басшыларына қиындық көріп отырғанымызды айтып, бізді қалаға көшіруді сұрадық. Биыл Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың көмегімен шаһардағы жаңа тұрғын үйге қоныстандық», - дейді теміржол саласының ардагері Назымгүл Өтеуова.

Атырау қалалық әкімдігі өңір орталығына қоныс аударған тұрғындарға Жұлдыз шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйден 2 бөлмелі 27 пәтер бөлген. Қазiр 24 отбасы көшіп келген.

«Биыл Атырау қаласында тұрғындарды жаңа мекенге көшіру үшін 813 пәтер бөлінді. Апатты үйлерде тұратын тұрғындардың 40%-ы жаңа баспанаға ие болды. Қала әкімдігі қоныс аудару бағдарламасын жалғастырып, жыл соңына дейін Ж.Молдағалиев, М.Төлебаев көшелеріндегі үш жатақхананың тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл жатақханалардың тұрғындары үшін 332 пәтер бөлінеді», - деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар