Атырауда «КамАЗ» аударылып, 26 тонна мұнай төгілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнының территориясында «КамАЗ» көлігі аударылып, 26 тонна мұнай төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Экология департаментінің мәліметінше, қоршаған ортаға келген зиянның мөлшерін анықтау үшін тексеру басталды.

«КамАЗ» көлігі «ЕМГ СтройСервис-Атырау» ЖШС-ға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.


Соңғы жаңалықтар