Атырауда қаланың ескі бөлігіндегі үйлерді сүру жұмыстары басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қаланың ескі бөлігіндегі үйлерді бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік нысандарды салу мақсатында Атыраудың ескі бөлігінде орналасқан үйлерді сүру жұмыстары басталды. Бастапқы кезеңде Жарбосынов көшесінде орналасқан 14 үй бұзылады. 8 орталық көшеде орналасқан 110 үйдің иесі баспаналарын сүргізуге және өтемақы алуға келіскен.  

«Жалпы тізім бойынша, жалпы аумағы 18 гектар болатын 271 үй бұзылуы тиіс. Жұмыстарды аяқтау кезеңі үй иелеріне байланысты - коммуналдық төлемдердің төлеуі, өтемақы алуға келісім беруі және жаңа үйге көшуі қажет. Жоспар бойынша қаланың ескі бөлігін бұзу жұмыстары 2019 жылдың наурыз айына дейін аяқталуы керек»,- дейді «Бас жоспар орталығы» КММ басшысы Жұмабек Жұмағалиев. 
null 

Айта кетейік, Атырауды дамытудың Бас жоспарына сәйкес, қала тұрғындарының саны 350 мың адамға дейін өсуі мүмкін. Ал облыс орталығының аумағы 3 есеге кеңейтіліп, 46 мың гектарды құрамақ.  

Әлеуметтік инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуі үшін 2030 жылға қарай қосымша 83 балабақша, 45 мектеп, 20 клиника, 5 аурухана, 6 фитнес-орталық және 3 мәдениет үйі салынады.              

null null 

 

Соңғы жаңалықтар