Атырауда қаланы жылусыз қалдырған магистральды құбыр ақауы жөнделді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала тұрғындарын жылусыз және ыстық сусыз қалдырған құбыржелісінің ақауы жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 қаңтарда екі магистральды құбыр желісінің бірінде ұзындығы 1 метр учаскеде су кете бастады. Зақым келген тұстағы суды тоқтату үшін сағат 19:50-де барлық сорғылары өшірілді. Соның салдарынан қала жылу желісінде жылу беру тоқтады. Сағат 20:20-да апат орнына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Апат салдарын жою үшін ведомствоаралық жедел штаб құрылды. Ақауы бар учаске қалпына келтірілген соң құбыржелісін суға толтыру жүргізілді. Сағат 21:50-де жылу беру іске қосылды. Екі сағат ішінде жылу желісінде температуралық режім қалпына келтірілді», - делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін, Атырауда жылу беру тоқтатылып, оған не себепші болғанын хабарлаған едік.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар