Атырауда қала тұрғынының 2 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қала тұрғынын алдап, 2 млн теңгесін алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 22 желтоқсанда Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны алаяққа алданғаны туралы шағымданған.

«Шағымданушы 3 бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы азаматшаның сөзіне сеніп, 2 млн теңге қаражатын берген. Нәтижесінде пәтерді де алмай, ақшасын да қайтара алмаған жәбірленуші алаяқтың торына түскенін аңғарған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шарасын жүргізіп, аталған қылмысты жасады деген күдікпен 38 жастағы азаматшаны ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда алаяқ директор тұрғындардың 300 млн теңгесін алдап алғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар