Атырауда қала күніне орай шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Қала күні мерекесіне орай Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертке 20 мыңға жуық көрермен жиналды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Халық алдында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы қала оң қарқынмен дамып келе жатқандығын айтты.

null«Биылғы жылы Атырауда рекордтық деңгейде тұрғын үй, қала маңындағы ауылдық округтерде жаңа жолдар салынатын болады және балабақшалар мен мектептердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Көшені жарықтандыру бойынша жобалар іске асырылып, қоғамдық көлік тұжырымдамасы енгізілуде. Қалада шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Бүгінгі күні отандық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында қала күн сайын көркейіп келеді. Атыраулық барша тұрғындарды қала күнімен құттықтаймын және Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін», -деді Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.null

Сонымен қатар, облыс орталығында Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев, депутат Әлібек Семғалиев, «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, «КТК және К» компаниясының және «Wheels brothers» мотоклубының өкілдері түрлі номинацияларда марапатталды.null

Көрермендер алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай - ақ, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Natan және MBand өнер көрсетті.

   Мереке соңында 20 мыңға жуық көрермен музыкалық от шашуды тамашалады.

Соңғы жаңалықтар