+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Атырауда қабаған ит талаған баланың жағдайы қалай

2020 жылғы 20 қараша 14:20
Бөлісіңіз:
Атырауда қабаған ит талаған баланың жағдайы қалай

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қабаған ит талаған екі жасар бала ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қарашада сағат 16:51-де «102» пультіне «Жұлдыз-2» шағын ауданының тұрғыны кішкентай баланы ит талап кеткенін хабарлаған.

«Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері екі жасар баланың басы мен қолы жараланғанын анықтады. Кішкентай бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланы тістеген итке іздеу салынып, сол шағын аудандағы өндірістік базалардың бірінің аумағынан ұсталды. Иттің иесі Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, жарақат алған бала ем алып жатыр. Қасында анасы бар.

«Сәрсенбі күні ауруханаға жеткізілген балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ит тістегеннен қалған жараға хирургиялық өңдеу жасалды. Бала басы мен қолынан орташа деңгейде жарақат алған. Қазір бала травматология бөлімінде жан-жақты ем алып жатыр», - деді дәрігер-травматолог Жақсылық Мағзомов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада 9 баланы ит қапқанын хабарлап едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT