Атырауда іскер әйелдер медицина мен полиция қызметкерлеріне 6,5 млн теңге жинады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқрарат –Атырауда іскер әйелдер «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында 130 медицина және полиция қызметкерінің әрқайсысына сыйақы үшін 6,5 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қайырымдылық акциясын Атырау облысының құрметті азаматы Рашиля Мұрсәлиева ұйымдастырған. Шараға облыс әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері мен еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері мен Исатай, Махамбет, Қызылқоға және Индер аудандарының іскер әйелдері атсалысқан.

–Біз «MEIRIM SHUAGY» акциясын қолға алып, қауіпті індетпен күрестің алғы шебінде жүрген медицина және полиция қызметкерлеріне қолдау көрсетуді көздедік. Акцияға үн қосқандардан он күнде 6 млн 500 мың теңге жиналды. Бұл қаржыны медицина саласының 100 қызметкеріне, сондай-ақ 30 полиция қызметкеріне 50 мың теңгеден аудардық. Өйткені, олар қауіпті індеттің таралып кетпеуі үшін өз өмірін тәуекелге тігіп, отбасына бармай, күні-түні жұмыс істеуде. Олардың дамылсыз еңбегіне өзіміздің құрметімізді, қолдауымызды осылай білдіруді жөн көрдік, -деді қоғам қайраткері Рашиля Мұрсәлиева.

Оның айтуынша, акция барысында «Өнерпаз» ЖШС тігін цехында 1000 дана медициналық маска тігіліп, тегін таратылған.


Соңғы жаңалықтар