Атырауда Исатай мен Махамбет алаңын қайта жөндеу жұмыстары басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманов алаңын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі күнде алаң толық қоршалып, жұмысшылар ескі жабдықтарды алып жатыр. Жоба аясында өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың қаржыландыруымен, барлық ескіргендерді жаңарту және жою көзделіп отыр.

«Махамбет пен Исатай ескерткіші қайта жаңартылатын болады. Сонымен қатар, алты бассейн және субұрқақ орнатылады. Мраморлық домбыра түріндегі архитектуралық композиция орнатылып, алтын түстес әшекейлермен безендіріліп, сәулеттік шығармашылықтар орнатылады. Алаң қайта жөндеуден өткеннен кейін қаланың көрікті жерлерінің бірі болмақ»- дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының жобалау-сметалық құжаттамасы бөлімінің басшысы Ақтілек Мұсағалиев.

Айта кетейік, келесі жылы орталық алаң жасыл желекке бөленеді. Аудан аумағында екі ауқымды архитектуралық композициялар мен орындықтар орнатылады. Тұрғындар мен қонақтардың демалуына жағдайлар жасалады.
nullnull

Соңғы жаңалықтар