Атырауда Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң қайта ашылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Конституция күні қарсаңында қайта жөндеуден өткен Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жалпы, Конституция күні мерекесіне орай облыс орталығының қонақтары мен тұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Реконструкциядан өткен орталық алаң 29 тамыз күні ашылады. Салтанатты шарада Д.Нұрпейісова, Н.Жантөрин және Құрманғазы атындағы мәдени ошақтардан академиялық оркестр ұжымдары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, осы күні Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздің тірегі» атты гала-концерт өтеді. Шараның басты қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.
30 тамызда Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заңым» атты мерекелік концерт жоспарланған.

Айта кетелік, 1 қыркүйекте Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «Open air- 2019» заманауи музыка фестивалі өтеді. Кешке қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Соңғы жаңалықтар