Атырауда интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс өсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр интернеттегі алаяқтық қылмыс дерегі 9,7 пайызға, ал, биылғы қаңтар басталғалы 10 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Закарьян Разғалиевтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы интернеттегі алаяқтықтың 720-дан астам дерегі тіркелген.

«Өткен жылы тіркелген қылмыстық деректің басым көпшілігі тауарды онлайн сатып алу, онлайн несие рәсімдеуге қатысты болып отыр. Былтыр бұл қылмыс саны 9,7%-ға өсіп, 720-дан астам дерек тіркелді. Қазір 130 қылмыс ашылып, терегу жүріп жатыр. Ал, биылғы жыл басталғалы бері интернеттегі алаяқтық 10%-ға артып отыр. Қазір банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, несие рәсімдеу жөніндегі алаяқтық ерекше белең алып тұр. Бұл дерек бойынша былтыр тіркелген қылмыстық саны 70-тен асты, -деп хабарлады Закарьян Разғалиев.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Атырау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Асланбек Қабесовтің айтуынша, алаяқтардың құрығына түспеу үшін сақтық шараларын естен шығармау қажет.

«Белгісіз нөмірден қоңырау шалып, бірден ақша жайында әңгіме қозғаған адамға, тіпті өзінің кім екені туралы айтса да сенбеу қажет. Бейтаныс адамның айтқан нұсқауларды орындамау, әсіресе, оған өзіңіз туралы ақпарат бермеген жөн. Мобильді телефонға күмән туғызатын қосымшаларды жүктемеу керек. Егер ақшасынан айырылып қалмау, «бөтен адамның» кредиті ресімделмеуі үшін дербес және төлем деректерін ешкімге бермеу қажет», -деп мәлім Асалнбек Қабесов.

Еске сала ккетелік, бұдан бұрын Атырауда 4 адамды алдап, 5,4 млн теңгесін иемденген алаяқ әйел ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар