Атырауда интернет алаяқтыққа қатысты 276 оқиға тіркелді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының полиция департаменті интернет арқылы жасалатын алаяқтық жиілеп кеткені туралы ескертеді. Жыл басынан бері өңірде 276 факті тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алаяқтарға алданған адамдарға көп жағдайда қырағылық жетіспей жатады.
Атырау облыстық полиция департаменті қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша азаматтардың жеке мысалдары негізінде,қылмыстың алдын алу жалғасуда.
«Менің әлеуметтік желідегі парақшама белгісіз адам кіріп, әріптесімнен 100 мың теңге көлемінде қарызға ақша сұраған. Әріптесім келісіп, бірақ ескерту мақсатында дереу маған қоңырау шалды. Абырой болғанда алаяқ құрығынан аман қалдық», - дейді қала тұрғыны Нұрбике Ерғалиева.
Алайда,полиция алаяқтардың «Сіздің ұлыңыз өзін жайсыз сезінуде, қаражатты аударыңыз» немесе бұрынғы аккаунт арқылы жалған хабарламалар жазатынын ескертеді.
«Қазір Instagram желісінде жалған жарнамалардың фактілері жиілеп кеткені. Алаяқтық қолжетімді бағасы бар тауардың фотосуреті қойылған жарнама сайттарында жиі кездеседі. Алаяқ азаматтардың ақшасын алдын-ала алып, кейін нөмірін байланыстан ажыратып тастайды. Бұл жүйемен жұмыс жасап көрмеген азаматтардың тез алданып қалатынын осыдан-ақ байқауға болады», -деп хабарлады облыстық полицей департаментінің баспасөз қызметінен.
Осы аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша бірнеше рет қылмыстық іс тіркелген.
Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында полиция департаменті қырағы болуды, тауарларға интернет арқылы тапсырыс берер кезінде лицензияланған дүкендерді пайдалануды, хабарландыруларды мұқият тексеруді ұсынады.
- Атыраудағы мектептерде 20 STEM-зертхана ашылады
- Атырауда оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты
- СҚО-да ауыл кәсіпкерлері учаскелік полицейге қызметтік баспана салуда
- «Нұрлы жер»: 144 атыраулық отбасы баспаналы болды
-
Медиа-тұлғалар мүмкіндігі шектеулі жастарға әлеуметтік роликтер түсіруді үйретуде
-
Ата-ана құқығынан айыру процесі қалай жүреді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам