Атырауда инструктор-реабилитолог мамандар саны өспек

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасы жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жобаның бірінші кезең аясында қатысушылар реабилитация туралы негізгі білімді игеріп, фундамент қалыптастырса, сонымен қатар қатысушылар реабилитацияның нақты бағытын таңдап, білімдерін шыңдап, оқуды тәмамдайды. Жобаның мақсаты – Атырау облысында инструктор-реабилитолог мамандардың санын арттыру, мүгедек жандарға арбаны қолдана отырып, толыққанды өмір сүру дағдыларын үйрету.

«Мүгедек адамдарды тиімді оңалту» жобасының биылғы бағдарламасы өткен жылдан өзгеше – былтыр оқуды бастаған қатысушылардың нақты мамандық игеруге арналған, сонымен қатар қатысушылардың жаңа легін оқытуға бағытталған (5 мүгедек адам және 5 волонтер).). Нәтижесінде, болашақта шалғай жерлерде тұратын және пассивті өмір салтын жүргізетін мүгедек адамдар үшін осындай семинарлар өткізу үшін біздің облыста нұсқаушылар саны артады деп жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде біздің қатысушыларымыз психологиялық және мотивациялық қолдау көрсету мақсатында оңалту орталығында және облыстық ауруханада жұлын жарақатын алған пациенттермен кездесулер өткізуде, - деді «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының басшысы Гулназ Қосмұрзиева.

Курсты Беларусь мамандары жүргізуде, олар өздерінің оқыту бағдарламасында «тең-теңімен» әдісін қолданады.

Мамандардың айтуынша, т ең-теңімен әдісі бүкіл әлемде танымал, білім саласында және денсаулығында ақау бар жандарға реабилитация жасау кезінде қолданылады.

Семинарлар аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жаз айларында Индер ауданында өтетін «Белсенді оңалту» лагеріне барады.


Соңғы жаңалықтар