Атырауда инфекциялық стационарларда 324 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында инфекциялық стационарларда 324 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 35 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталған.

«Қауіпті вирусқа шалдыққандардың арасында 19 науқас Атырау қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 13 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 1, Индерде – 1, Қызылқоға ауданында 1 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталды. Коронавирустың симптомды түрі 14 науқастан табылып отыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 90 адам емделіп шыққан.

Бірақ, әлі де үй жағдайында емделуді жалғастыру үшін оқшауланған 123 адам бар.

Облыстық инфекциялық стационарда - 76, ал аудандардағы стационарларда - 21, Теңіз кенішіндегі стационарда - 227 адам оқшауланып,емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір тәулікте 109 науқас коронавирустан сауығып шыққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар