+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Атыраудың инфекциялық ауруханасында коронавирус жұқтырған 28 науқас жатыр

2020 жылғы 25 қыркүйек 21:01
Бөлісіңіз:
Атыраудың инфекциялық ауруханасында коронавирус жұқтырған 28 науқас жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы №2 облыстық инфекциялық ауруханада 28 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бішкекте алғаш рет коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары анықталды Нұр-Сұлтанда тағы бір авиажолаушыдан КВИ анықталды Түрмелерде коронавирустың жаңа толқынына дайындық қалай жүргізілуде

Аталған аурухананың бөлім меңгерушісі Жантөре Орысбаеваның мәліметінше, №2 облыстық инфекциялық ауруханаға коронавирус инфекциясымен түскен науқастардың 94 проценті жазылып шыққан.

«Пандемия кезінде ауруханаға түскен науқастардың 3,4 проценті өлім жағдайымен аяқталды. Қайғылы жағдайдың орын алуы біріншіден, науқастардың дәрігерге кешігіп хабарласуынан болып отыр. Екіншіден, науқастарда бұрынғы созылмалы ауруы асқынған. Ауруханадан сондай-ақ, короновирус инфекциясымен 30 бала, 134 жүкті әйел емделіп шықты. Төрт әйелге шұғыл ота жасалды. Жүкті әйелдерді қосымша ауруларына байланысты эндокринолог, гематолог, кардиолог секілді арнайы дәрігерлерден онлайн кеңес алу арқылы емдедік» -дейді Жантөре Орысбаева.

Оның айтуынша, қазір №2 облыстық инфекциялық ауруханада 28 науқас ем алуда. Он науқасқа короновирусты пневмонияның анықталған түрі, қалған емделушіге короновирус типті пневмония диагнозы қойылған. Пациенттердің жағдайы тұрақталған. Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT