Атырауда індетпен күресіп жүрген 6 мың қызметкерге тест алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алдынғы шепте жұмыс істеп жүрген 6 мыңға жуық қызметкер коронавирусқа тесттен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, олардың көпшілігі – тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері. Атап айтқанда, COVID-19 індетін жұқтыру қаупі бар топқа шетелге шығатын тұлғалар, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан өкілдері, шұғыл көмек көрсететін қала мен аудан әкімдіктері кірді. Сондай-ақ тегін тесттен аймақтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым өкілдері, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардың медицина қызметкерлері өте алады.

«ПТР және экспресс-тесттер инфекцияны жұқтыру қаупі бар топқа жататын адамдар үшін бюджет есебінен сатып алынды. Алдыңғы шепте жұмыс істейтін қызметкерлер 17 сәуірден бастап тесттен өткізілуде. Қазіргі уақытта Атырау облысының мыңға жуық тұрғынынан сынама алынған. Ал қалған бөлігін жақын уақытта өткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады жедел штабтан.

Сондай-ақ, Атырау облысының кез келген тұрғыны «Олимп» зертхана желісінде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПТР-тестіні ақылы түрде тапсыра алады.


Соңғы жаңалықтар