Атырауда ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі 25 адам жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Халыққа қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі 25 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиевтің айтуынша, №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында ерекше қажеттілігі бар жандар үшін цифрлық қызмет бұрышы ашылған.

«Арнайы бұрышта ерекше қажеттілігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына жағдай жасалып отыр. Мұнда есту және сөйлеу қабілеті нашар клиенттердің пайдалануына толық бейімделген компьютерлер орнатылды. Компьютерлер құлаққаптармен, арнайы пернетақтамен жабдықталды. Бағдарлама барлық қажетті ақпаратты құлаққап арқылы жібереді. Біздің филиалда ерекше қажеттілігі бар 25 адам жұмыс істейді. Олардың арасында арнайы бұрыш ашуды ұсынған Айбек Идаятов пен Айнұр Мұстажапова да бар», - дейді филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Қазір облыстағы барлық ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы терезелер бар.


Соңғы жаңалықтар