08:50, 21 Қыркүйек 2018 | GMT +6
Атырауда хиджап киген оқушы қыздардың ата-аналарына айыппұл салынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 16 оқышуның ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мұндай жағдайларда ата-аналарға алдымен ескерту жасалады. Мектеп басшылары оларды көндіре алмайтын болса, заңды негізде «Ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған міндеттерді тиісті деңгейде орындамау» ӘҚБтК бабына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
«16 ата-ананың ісі сотқа жіберілді. Онда 5 АЕК, яғни 12 025 теңге көлемінде қаражат өндіріп алу туралы шешім шықты», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша білім саласында бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев.