Атырауда Hayat Vax вакцинасының қоры таусылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы емханаларда «Hayat-Vax» вакцинасының қоры таусылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Атырау қаласы мен оған таяу орналасқан ауылдық округтердің емханаларындағы вакциналардың қоры туралы ақпарат таратты.

«Атырау қаласы мен ауылдық округтер емханаларында «Спутник V» вакцинасы бар. Ал, «CoronaVac» вакцинасы қаладағы №1, №2, №3, №5, №7, сондай-ақ, Геолог, Дамбы, Еркінқала ауылдық емханалары мен «Медикер» компаниясында жеткілікті. Сондай-ақ, №1, №2, №4 және Геолог емханасы мен «Медикер» компаниясында «QazVac» вакцинасын салдыруға болады. Барлық емханаларда «Hayat-Vax» вакцинасының қоры таусылды. Атырауға бұл вакцина қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз» -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 121 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар