Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай «Халел Досмұхамедов - Ұлы мұрат жолында» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаш қозғалысы көсемінің еңбектері мен ғылыми дара жолын талдау үшін Ташкент, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Қазақстанның бірқатар қалаларынан ғалымдар мен профессорлар мұнайлы астанада бас қосты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан пленарлық мәжілісте Халел Досмұхамедұлының еңбектерін баяндаумен қатар, ғалым еңбектерін жастар арасында насихаттау мәселесі сөз болды.
null 

«Қазіргі жаһандану кезеңінде де сонау жылдары Халел Досмұхамедов бастаған Алаш зиялыларының бастамалары мен идеялары, ел, жер, тәуелсіздік тарихы әрқашан санамызда жаңғырады. Ғаламның өмірін, оған қатысты барлық мағлұматтарды игерген мамансыздар. Жаңа білім мен жаңашыл ойлар талқыға түсіп, бүгінгі көтерілген мәселелер конференция қорытындысы бойынша шешімін табатынына сенемін», - деді аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы.

Конференция аясында шетелден келген және жергілікті мамандар баяндамаларын оқып, ортақ ой тастап, ғалымның ғылым жолындағы деректерін жаңғыртты.

Жиыннан соң келген қонақтар қаладағы арнаулы оқу орындарында «Халелтану» курстарын өткізіп, студенттерге арнайы дәріс оқыды.

Соңғы жаңалықтар