Атырауда Германиядан әкелінген 9 метрлік шырша орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында демеушілер көмегімен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаңда биіктігі 9 метрлік шырша орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шыршаны орнатуға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Демеушілер қалаға сыйға тартқан шыршаны Германиядан әкелген.

«Әкімдік тарапынан шыршаны орнату үшін алдын ала орын дайындалды. Көлемі 4х4, тереңдігі 1,5 метр болатын шұңқыр қазылды. Шырша орнатылатын орын вермикомпостпен және басқа да қажетті органикалық минералды тыңайтқыштармен өңделді. Шыршаны шұңқырға орнату үшін шамамен 0,5 метр дренаж қабатына құм, қиыршықтас, өзге де қоспа салынды» деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Исатай-Махамбет» орталық алаңына биіктігі 15 метрлік жасанды шырша, ал екі шағын ауданға бұрын сатып алынған шыршаларды орнату көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар