Атырауда газбен қамтитын компания заңсыз алған ақшасын қайтарып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газбен қамтитын компаниясы тұтынушыларға заңсыз алған ақшаларын қайтарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ кәсіпкерлерге айыппұл сала бастаған. Олардың сомасы бірнеше ондаған мың теңгеден бірнеше жүздеген мың теңгеге дейін барады. Арнайы жұмыс тобы құрылып, бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеді. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ директоры М. Абуов берген жауабында кешірім сұрап, техникалық қателіктер болғанын түсіндірді. Соның салдарынан 800-ге жуық тұтынушы осындай ескерту алған. Ол бұл мәселені шешуге уәде етті», - деп хабарлады Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

Сондай-ақ, ол заңсыз алынған ақшалардың кейбіріне қайтарылатынын немесе болашақта газ жеткізу кезінде есептелінетінін мәлімдеді. Ал, төленбеген шоттар жойылады. Палата бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар