Атырауда газ арзандады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 1 тамыздан бастап Атырау облысында газдың тарифі төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірді табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалында жүргізілген тексеріс кезінде белгісіз себептермен 30 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны анықталды. Тұтынушыларға заңсыз алынған қаражатты қайтару үшін 1 тамыздан бастап монополистке уақытша газды жеткізу қызметі бойынша өтемдік тариф енгізілді. Ол мың текше метрге 1721, 26 теңгені құрады, яғни 3% түсті», - деді Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде.

Соңғы жаңалықтар