+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді

2021 жылғы 14 маусым 15:01
Бөлісіңіз:
Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті Қарағандыда ер адамның құлдықта болғаны туралы іс қарастырылып жатыр Алматыда қаруланған ер адам балабақшаға кірмекке әрекеттенген

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 13 маусымда болған.

«Кешкі сағат 22:19-да Атырау қаласының «Сарықамыс» шағынауданындағы 2 қабатты «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда 8 пәтерлік тұрғын үй кешенінің төбе жабындысы мен 2-қабаты жанып жатты. Тұрғын үй кешенінен 21 адам, оның ішінде 10 бала өздігімен қауіпсіз жерге шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 8 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер, 1 техника, «Ақ Берен» АҚ филиланынан 2 қызметкер, 1 техника, «НКОК» компаниясынан 4 қызметкер, 1 техника, СКЭБР-ден 4 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 7 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 00:43-те оқшауланып, сағат 00:57-де толықтай жойылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда иесі болмаған кезде көпқабатты үйдегі пәтер өртенген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT