Атырауда фермерлер арзандатылған дизель алуға өтініш бермеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының фермерлері арзандатылған дизель бөлуге өтініш бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысында егін алқабы айтарлықтай көлемді емес. Биыл өңірде егіс алқабы - 9222 гектар. Оның басым бөлігіне, яғни, 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөніс - 2,6 мың гектарға, картоп - 2 мың гектарға, қауын - 1,2 мың гектарға салынады.

Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген. Оның ішінде жемшөп дақылдары – 1878 га, көкөніс – 1 271 га, қауын – 600 га, картоп - 705 га.

Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорнының 1,5 мың қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ, 783 техникасы қатысуда.

«Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл арзандатылған дизель отынын алуға өтініш берген жоқ» -деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар