+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы аталып өтуде

2019 жылғы 11 қыркүйек 18:52
Бөлісіңіз:
Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы аталып өтуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Патша – сөздің Фаризасы» атты республикалық апталық өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шара ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінде жалғасын тапты. «Ар мен ақын» деректі фильмінің тұсауы сонда кесіліп, «Жыр – менің жалғыз тарланым» аудиодискісі таныстырылды. Ақынның өзі оқыған өлеңдер жазылған аудиодискіні белгілі жазушы Әнес Сарай мен Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры Қадыр Өтегенұлы жалпақ жұртқа ұсынды.



Апталық аясында «Патша – сөздің Фаризасы» атты ғылыми-практикалық конференция да ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева қатысып, шараның үлкен маңызын атап өтті.

«Фариза Оңғарсынова – Атырау жерінде туған. Қазіргі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің алғашқы қарлығаштарының бірі. Ол сөз өнерінің қас шебері, асқан дарын иесі. Оның шығармашылығының мәні мен ерекшеліктерін толық ашу қиынның қиыны. Оның туындылары – қазақтың ақын қыздары шығармашылығының биігі. Ақынның өлеңдері – мәңгілік», - деді А. Әжіғалиева.




Авторы А. Соколов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT