Атырауда есірткімен ұсталған полицейлер 7 жылға сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда есірткімен ұсталған полицейлер 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаментінің екі қызметкері тыйым салынған затпен ұсталған болатын.

«Атырау қаласының №2 соты облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Полицейлерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен аса ірі мөлшерде гашиш есірткісін өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін айып тағылды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп табылды. Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне байланысты олар капитан мен полиция майоры шенінен айырылып, 7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар