+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда есірткі сайттарын жарнамалаған екі жасөспірім ұсталды

2021 жылғы 17 маусым 21:15
Бөлісіңіз:
Атырауда есірткі сайттарын жарнамалаған екі жасөспірім ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында есірткі сайттарын жарнамалаған екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жоғалған малын іздеген жылқышыны өлтіргендер сотталды Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6,5 мың адам оқшауланды Атырауға Ресейден келген 54 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда таңғы сағат 5:00 шамасында «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында белгісіз екі жігіттің гараж қабырғасына баллонды бояу арқылы жазба жазған.

«Патрульдік полиция қызметкері олардың кәмелет жасқа толмағанын анықтады. Ал, қабырғаға салған жазбалар синтетикалық есірткі сайттарының атаулары екені дәлелденді. Жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше шағын ауданында жазған. Бұл олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT