Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда есірткі притонын ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды

2022 жылғы 30 маусым 07:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда есірткі притонын ұйымдастырған өзбекстандық әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, шетелдік әйел «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықталған.

«Полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Атырау қаласы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан әйелді ұстады. Тергеп-тексеру барысында оның Өзбекстан Республикасының азаматтығы бар екенін дәлелденді. 1998 жылғы шетелдік әйелдің жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек пен синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылды. Айғақ ретінде тіркеуге алынған заттар тәркіленді. Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтының қызметкерлері тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екенінін анықтады», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296- бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі мен экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері өз үйінің ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады.

«Тәртіп сақшылары 1981 жылғы тұрғынның мекен-жайын тексеру кезінде өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерді тауып, тәркіледі. Жүргізілген сараптама қорытындысымен 49 түп «сора» өсімдігі екені белгілі болды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық әйел пәтерінде жүйкеге әсер ететін дәрілердің 1 мыңға жуық данасын сақтағанын хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар