+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Атырауда «Еріктілер 50+» клубы құрылды

2020 жылғы 13 ақпан 19:00
Бөлісіңіз:
Атырауда «Еріктілер 50+» клубы құрылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы «Атамұра» қоғамдық қоры «Еріктілер 50+» клубын құрып, ізгілікті іс бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты Күршімдік еріктілер жалғызбасты қарттарға көмір алып берді – ШҚО Волонтерлерден сыйлыққа үй алған ақтөбелік қарт көзіне жас алды

Соңғы кезде елімізде қиналған жандарға қол ұшын созып, мейірім танытуға жасы 50-ден асқандар да ниет танытып отыр. Сондай жандар «Еріктілер 50+» клубының құрамына еніп, Атыраудағы Қарттар үйіне келді.

«Қарттар үйін таңдаудағы басты себеп – тағдыр тәлкегіне тап болған қамкөңіл жандарға достық-бауырластық ниетімізді білдіріп, сырласу. Өйткені, бұл үйді мекен ететіндердің дені – қариялар. Оларға ұдайы қолдау көрсетіп, мейірім таныту қажет. Біздің бұл мақсатымыз орындалды. Қариялар біздің клубтың мүшелерімен қосыла ән шырқады. Жастық шағын еске алып, бір серпіліп қалды», - дейді «Атамұра» қоғамдық қорының жетекшісі Ағиба Мұстажапқызы.

Клуб мүшелері Қарттар үйіндегі жандармен бірге психологиялық тренингтер ұйымдастырып, йога жаттығуларын жасады. Қарттармен жарасымды әңгіме-дүкен құрды. Қос тарап та «әдеттегіден өзге шарадан мол әсер алдық» деген оймен тарқасты.

Енді клуб мүшелері Қарттар үйінің тұрғындарымен театрға, концерттерге бірге баруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, «Еріктілер 50+» клубының мүшелерін арттыруды да көздеуде.

Жолдасбек Көшербайұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT