Атырауда ерекше балаларға арналған инклюзивті сынып ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда аутизм белгілері бар балаларға арналған инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ашылды. Психикалық дамуында кешеуілдеу байқалатын, аутизм белгілері бар балалар АВА әдістемесімен оқиды. Балалармен жұмыс істейтін мамандардың басты мақсаты – оларды қоғамға бейімдеу», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, ерекше сыныптың жабдықтарын әкелуге мұнай компанияларының бірі көмек көрсеткен.

Автор: А. Соколов



Соңғы жаңалықтар