Атырауда ер адамды ұрып, 500 мың теңгесін тонаған күдіктілер ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ер адамды ұрып, 500 мың теңгесін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 17 қаңтарда болған.

«Кешкі сағат 21:30 шамасында белгісіз біреулер Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын көшеде тоқтатып, ақша беруін талап еткен.​ Осыдан кейін шабуылдаушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, қалтасынан 500 мың теңгесін ​ күштеп тартып алған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп, 1999 және 2000 жылғы екі күдіктіні ұстады.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда алиментін төлемеген борышкердің жүргізуші куәлігін пайдалану уақытша тоқталығанын https://kaz.inform.kz/news/atyrauda-alimentin-tolemegen-boryshkerdin-kolik-zhurgizu-kualigin-paydalanuy-uakytsha-toktatyldy_a3891739 жазған едік.


Соңғы жаңалықтар