Атырауда ер адамды атып өлтірді деген күдікті ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ер адамды атып өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баймұқанов көшесіндегі үйлердің бірінің алдында 32 жастағы ер адамды өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталды. ҚР ҚПК 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат берілмейді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырауда полиция адамға оқ атқан Мақат ауданының екі тұрғынын іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік. Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына біреу бытырамен оқ атып, жарақаттаған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, атыс кезінде жараланған Мақат ауданының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар