Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң көшеге пышақ ұстап шыққан

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң қолына пышақ ұстап көшеге шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін, 27 наурызда Іnstagram әлеуметтік желісінде видео тарады. Желі қолданушылары аталған оқиға орай түрлі пікір қалдырды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986, 1993, 1994 және 2000 жылғы 4 ер адам ұсталды. Олардың арасындағы отбасылық жанжал өзара келіспеушіліктен туындағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсталған 4 ер адам Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда алқабилер 21 адамға қатысты қылмыстық іске шешім шығарғанын хабарлаған едік.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтары, 107-бабының 2-бөлігінің 4,5-тармақтары, 434 және 432-бабымен айып тағылған.

Күдіктінің бірі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарауға өтініш берген.

«2021 жылғы 30 қазанда сағат 19.00 шамасында Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында жәбірленушілер мен сотталушылардың арасында төбелес басталып, арты атысқа ұласқан. Жәбірленуші К. оқ жарақаты салдарынан қаза болған. Ал, жәбірленушілер Е., А., И., К., Б., Т. әртүрлі дәрежедегі оқ жарақатын алған. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалар қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және заттай дәлелдемелермен толықтай дәлелденді», -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар