Атырауда энергетика басқармасының басшысы қызметінен кетті
2021 жылғы 1 сәуір 21:40

Атырауда энергетика басқармасының басшысы қызметінен кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Тұхфатов өз өтінішіне сәйкес, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымда бір жыл жұмыс істеді.

Басқарма басшысының жұмыстан кетуінен не себеп болғаны айтылған жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда облыстық тұрғын үй басқармасына жаңа басшы келгенін хабарлаған едік.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT