Атырауда емхана басшысы қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырауда емхана басшысы қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекеме қызметкерлерінен үстемақы ретінде төленген қаржыны заңсыз жинау арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Атырау қаласының №7 емханасы» ШЖҚ» РМК басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Қайсар Баржақсынов.

Оның атап өтуінше, тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар