Атырауда «Елсана» руханият клубы ақылдастар алқасының отырысы өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Құрамында төрт жүзге жуық мүшесі бар «Елсана» руханият клубы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында бірқатар істерді қолға алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Елсана" руханият клубының басты мақсаты - ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, ел тарихын дәріптеу, сондай- ақ халықтың рухани қазынасын байыта түсу.

"Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасында алдағы уақытта бәсекелестікке төтеп беру мәселелерін іске асыру жөніндегі мәселелер, сондай-ақ өткенді білу, осы күнге жеткізген азаматтарды ардақтау, атқарған еңбектерін ескеру, ұстаған ұстанымдарын жалғастыру керек делінген. Елсана руханият клубының бастамасымен бүгінде ұлттық ойындар, дәрістер, ел тарихына арналған шаралар ұйымдастырып жатыр. Біз өз тарапымыздан осындай игі істерді қолдауға қашан да дайынбыз", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.null 

Сондай-ақ өңір басшысы «Абай әлеміне саяхат» клубы жұмысының өңірімізде насихатталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, «Елсана» руханият клубы өз жұмысын 2013 жылы бастаған болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар