+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап, 300-ге жуық кеңес берді

2021 жылғы 15 қазан 09:21
Бөлісіңіз:
Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап, 300-ге жуық кеңес берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап 300-ге жуық кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы коронавирус: 11өңір - «жасыл» аймақта Қазақстанда қанша жасөспірім мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды Өткен тәулікте 597 адам коронавирус індетінен сауықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының 12 дәрігері Атырауға үш күндік жұмыс сапарымен келген. Елордалық дәрігерлер құрамында неонатологтар, акушер-гинекологтар, кардиологтар, неврологтар секілді мамандар бар.

«Дәрігерлер үш күнде облыстық балалар ауруханасында, облыстық перинаталдық орталықта, қалалық перзентханада, облыстық аурухана мен облыстық кардиология орталығында 300-ге жуық кеңес берді. Науқас балаларға 5 ота жасады. Тағы 15 бала ота жасатуға жолдама алды. Облыстық балалар ауруханасының базасында кардиологиялық сырқатқа шалдыққан 22 науқас қаралды. Тексеру нәтижесімен 6 пациентті ұлттық кардиология орталығына емделуге жіберу жоспарланып отыр. Оның біреуіне ота, ал, 5-еуіне жедел ем алу қажет. Сондай-ақ, 3 пациент амбулаторлық тексеруге шақырылды. Ал, 1 науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды» - дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда елордалық білікті дәрігерлер бес балаға ота жасағанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT