Атырауда елордалық білікті дәрігер бес балаға ота жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда елордалық №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы ортопедия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ағабек Чикинаев тірек-қимылы бұзылған балаларға бес ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары санатты ортопед-травматолог Ағабек Чикинаевтың айтуынша, ата-аналар мұндай отаны жасату үшін көптеген ата-ана балаларын елордаға, немесе шетелге апаруға мәжбүр. Енді мұндай отаны атыраулық дәрігерлер жасауға мүмкіндік алып отыр.

«Менің ұлыма церебральды сал ауруы, гидроцефалия диагнозы қойылған. Балам жүре алады. Бірақ, аяғын сылтып басады. Атырауға ортопед-дәрігердің келетінін естіп, ойланбастан ота жасатуға шешім қабылдадық. Білікті дәрігер жасаған ота сәтті шықты. Енді ұлым еш қиындықсыз жүретініне үміт артып отырмын» - дейді 14 жасар баланың анасы Октябрина Құрманғазива.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда туа біткен патологиясы бар балаға күрделі ота жасалғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар