Атырауда елорда күні қарсаңында жас мамандарға пәтер берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда елорда күні қарсаңында жас мамандарға пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірде медицина, білім және мәдениет саласында еңбек ететін бір топ жас қызметкерге пәтер кілтін табыстады.

«Пандемия баршамызға оңай тимегенін білеміз. Соған қарамастан, мұғалімдердің ерен еңбегінің арқасында оқушыларымыз үздік нәтижеге қол жеткізіп, білім және ғылыми конкурстарда жүлделі орындар алып жүр. Ал, биыл Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы халықаралық байқауларда екі мәрте бас жүлдені иеленді. Елорда күні қарсаңында сіздер жаңа пәтер кілтін табыстай отырып, еліміздің одан әрі өркендеуіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенемін», - деді аймақ Махамбет Досмұхамбетов.

Қызметтік пәтерге ие болғандар арасында Атырау қаласындағы №17 мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі Жадыра Наурызбаева, облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі Шодиер Арипов, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томанов пен актер Бекет Зинуллин бар.

«Мен алыс ауылда дүниеге келіп, актерлікті таңдадым. Енді міне, мереке қарсаңында баспанаға ие болғаныма қуаныштымын», - деді Бекет Зинуллин.

Дәл осындай 15 пәтер биыл жоғары оқу орындарын бітіріп, өңірге келетін жас мамандарға табыс етілмек.

Еске сала кетелік, бұған дейін 150-дей атыраулық отбасы баспаналы болған еді.


Соңғы жаңалықтар