+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Атырауда электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды

2021 жылғы 10 қаңтар 22:53
Бөлісіңіз:
Атырауда электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімдігі апаттық жағдайда электр энергиясының сөнуіне байланысты ресми ақпарат таратты.

«Атырау облысының аумағындағы «Индер», «Атырау» қосалқы станцияларында орын алған апаттық жағдай салдарынан электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, соның салдарынан «КЕГОК» желісінің батыс аймағы бойынша (Атырау және Маңғыстау облыстарында) электр жүйесі тұтас істен шықты. Салдарынан Ақтау қаласындағы (1,2,3,6,8,13,24 шағын аудандар) және Түпқараған ауданындағы («Дунга», «Акшукыр», «Форт», «Баутино» қосалқы станциялары) және Мұнайлы ауданындағы («Маңғыстау», «Қызылтөбе») аудан тұрғындары жарықтан ажыратылды.

Сағат 18.30 пен 19.45 аралығында Ақтау қаласындағы сайлау учаскелерінің ішінен екі сайлау учаскесі уақытша электр энергиясынан уақытша шектелді.

Қазіргі уақытта «КЕGОC» АҚ Атырау облысының аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, жиілікте қайта орын алған апаттың салдарынан сағат 20.00-де Ақтау қаласындағы 1, 2, 3А, 3Б, 4 және 5 шағынаудандарында жарық қайта сөнді.

Жоғарыда аталған Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы қосалқы станциялар электр желісіне қайта қосылу үшін «КЕГОК» АҚ рұқсат күтіп отыр.

Бұл мәселе облыс әкімдігінің жіті бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында электр энергиясы өшіп қалғанын хабарлаған болатынтыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT