Атырауда елден шығып кетуден жалтарған шетелдікке айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Қазақстанның аумағынан шығып кетуден жалтарған шетелдікке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Өзбекстан Республикасының азаматшасына қатысты іс қаралды. Шетелдікке Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) айып тағылды.

«Сотта Өзбекстан Республикасының азаматшасы 2020 жылғы 6 қарашада заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарғаны анықталды. Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматшасы кінәлі деп танылып, оған 51 048 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда вакцина алу кезінде дәрігерлерге дөрекілік танытқан шетелдікке айыппұл салынған болатын.



Соңғы жаңалықтар